Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа түсіп, ішіндегі аяғы ауыр келіншек көлікте босанды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Талдықорғанда аяғы ауыр әйел перзетханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде босанды, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy
Жетісу облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, аяғы ауыр келіншекті Қапал ауылынан Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа алып келе жатқан. Бірақ жолда жедел жәрдем көлігін өзге көлік келіп соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ал толғағы қысып тұрған келіншекті фельдшерлердің көлік ішінде босандырып алуына тура келген.
Жедел жәрдем көлігінде босанған әйелдің бұл үшінші баласы екен. Сәбидің салмағы 4 келі. Дүниеге ұл бала келді.
Қаз
Рус






