Кентауда дүкендегі жанжал кісі өліміне алып келді

244

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.com

Кентауда жастар арасындағы жанжал кісі өліміне алып келді. Күдікті қарсыласын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Кентауда құрылысы аяқталмаған нысан аумағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат кешкі 21:00-де келіп түскен. Көп ұзамай жәбірленушінің Кентау қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Бұл деректі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тіркелген.

Криминалдық полиция іздеу шараларының нәтижесінде бір тәуліктен кейін күдіктіні Алматы қаласынан ұстады. Ол бұрын тонау үшін сотталған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай, яғни алдын ала болжам бойынша екі ер адам дүкен есігінен кірер сәтте иық тіресіп, артынан сол үшін сөзге келіп қалған. Содан жәбірленуші оқиға орнынан шығып кетіп, бірер минуттардан соң аталған дүкенге Rаnge Rover көлігімен қайта келіп, күдіктімен дауды шешпек болады. Одан әрі жанжал Кентау қаласына кіреберіс маңындағы аяқталмаған нысан аумағында жалғасқан. Онда екі ер адам төбелесіп, соңында күдікті жәбірленушіні пышақтап, қылмыс орнынан қашып кеткен.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлел ретінде пышақ алынды. Күдікті қамауда. Бүгінгі таңда тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.