Елімізде этникалық қазақтарға арналған арнайы карта енгізіледі

344

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Сбербанк ҚазақстанЕлімізде тарихи отанында бизнесін дамытқысы келетін шетелден келген этникалық қазақтар үшін арнайы карта енгізіледі, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

"Тарихи отанмен байланысты нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар немесе өз елдерінде табысты бизнес-кейстерді жүзеге асырған этникалық қазақтарға (басқа елдердің азаматтарына) Қазақ картасын енгізу ұсынылады. Бұл қандастарымыздың бизнестерін өз елдерінде және Қазақстанда дамытуына мүмкіндік беретін болады", - делінген хабарламада.


Карточка ұстаушы елге жеңілдетілген кіру мүмкіндігіне ие болады, оларға тұруға ықтиярхаты барлармен бірдей құқықтар беріледі. Саяси құқықтарды қоспағанда, бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа да мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізуге мүмкіндік берілмек.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.