Қызылордада балабақша сәбилері мінген жеңіл көлік апатқа ұшырады

493

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: polisia.kzҚызылорда қаласында балабақша сәбилері мінген жеңіл көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 қыркүйекте Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан «Болашақ» университетінің маңындағы жол қиылысында болған.


«Оқиға барысында «Honda Odyssey» және «Hyundai Santa fe» көліктері соқтығысып қалған. «Honda Odyssey» көлігі қаладағы балабақшаның біріне тиесілі болған. Аталған көлікке мінген сәбилерге облыстық көпсалалы балалар ауруханасында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.


Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.