Қазақстанға пойызбен келген Ресей азаматы жоғалып кетті
210
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Солтүстік Қазақстан облысында 24 жастағы Ресей азаматы елімізге пойызбен келген соң жоғалып кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Александр Киржа Курганск облысынан Петропавлға 12 қыркүйекте келіп, жоғалып кеткен. Әзірге оның қайда екені белгісіз.
Айрықша белгілер: бойы 194 сантиметр, шашының түсі қара, көзі қоңыр. Қызыл футболка, көк түсті шолақ шалбар мен қара былғары шәркей киген. Өзімен бірге қара сөмкесі болған.
Қаз
Рус






