Қызылордада шенеуніктер халыққа жарты жолақ асфальт салып берген

329

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kzБір жағында асфальті жоқ көшеден екі көлік қатар жүру мүмкін емес, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қалаға қарасты Тасбөгет кентіндегі Рахмет Жырау көшесінің неге екені белгісіз тек бір жағында ғана асфальт төселіпті. Есесіне асфальт көрмеген екінші жағы ойлы-шұңқыр. Автожолға төселген асфальттың енінің тар болғаны сонша құдды жаяу жүргіншілер жолы секілді. Соның кесірінен бұл көшемен өткен көліктер де, жаяу адамдар да тар жолға таласып жүр.

Әкімнің айтуынша, бірнеше жыл бұрын көшенің астынан су құбыры жүргізілген. Сол уақытта құбыр тартқан компания асфальтті өз есебінен салған көрінеді.


Бұл көшеге асфальт төсеуге арнайы қаражат бөлінбеген. Құбыр тарту үшін қазылған жерді компания өздері асфальттап кеткен. Бірақ ол жұмыстарға қанша бөлінгенін құжаттарды ақтарып білу керек. Әзірге мұнда асфальт төсеу жоспарда жоқ, - дейді кент әкімі Семсер Сыздықов.


Әкім бұл көшедегі көліктер ағыны аз болғандықтан жөнделуі тиіс жолдардың қатарына енгізілмегенін айтады. Сондықтан мұндағы тұрғындардың бір жақ бетінде асфальті бар, ал бір жақ бетінде топырағы бұрқыраған көшеде қашанға дейін тұратыны әзірге белгісіз.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.