Атыс салдарынан бір адам қаза тапты

267

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

© РИА Новости / Михаил ВоскресенскийЖамбыл облысы Шу ауданында атыс салдарынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Оқиға 25 қыркүйекте болған. Атыс туралы ақпарат полиция бөліміне 00:18-де келіп түскен. 


"Қазіргі уақытта толық тексеру жұмыстары жүргізілуде және аудандық прокуратураның қадағалауымен қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларымен рұқсат етілген уақыт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – делінген хабарламада. 


Көп ұзамай полицейлер күдіктілердің анықталғанын мәлімдеді. Оқиғаның екі қатысушысы қамауға алынған. Үшінші күдіктіге қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 


"Тергеу нәтижесіне сәйкес қамаққа алу туралы сұрақ қаралатын болмақ. Сондай-ақ тағы бір күдікті қылмыстық қудалау органдарымен халықаралық іздеу салуға жарияланды", – деді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Саламатов.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.