Грантқа түспек болған студенттер алаяққа алданып қалған

244

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Грантқа түспек болған ақтөбеліктер алаяққа алданып қалды,  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына бірнеше зардап шеккендер жүгінді. Жәбірленушілердің айтуынша, жазда Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орындарына грантқа  түсуге көмек көрсету сылтауымен таныс емес әйел ақшалай қаражатты иемденген. Қаражат таңдалған оқу орнына байланысты 900 мың теңгеден 2.5 млн теңгеге дейін өзгерген. Полицияға 4 жәбірленуші арызданды. 

Мысалы, 24 жастағы жігіт қаланың жоғары оқу орындарының біріне грантқа түсу үшін күдіктіге 2.5 млн теңге берген. Ақша берілгеннен кейін әйел бірден байланысқа шығуды тоқтатқан. Одан кейін да осындай арызбен үш жәбірленуші полицияға жүгінген. 

29 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.