Банк қызметкері 11,6 миллион теңгені жымқырған

199

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Өскеменде банк қызметкері танысына пәтер алып беруге көмектесемін деп, 11,6 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденіп алған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, 35 жастағы азамат тұрғын үй сатып аламын деп алаяқтың құрбанына айналған.

Биылғы жылдың мамыр айында үй алуға өтініш беріп, банкте жұмыс істейтін танысы оған 50/50 бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға көмек ұсынған. Ойлана келе, ер адам келісіп, оған 11,6 миллион теңге берді. Уәде етілген уәжі орындалмағасын, ақшаны қайта талап етпестен, жәбірленуші төрт айдан кейін полицияға жүгінді. Тәртіп сақшылары қысқа мерзімде күдіктіні ұстады.


Жауап алу кезінде 37 жастағы банк қызметкері өз кінәсін мойындаған. Осы факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 190 бабы 3 бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда оны үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.