Шекараға жақын маңда жарылыс болып, 16 адам зардап шекті

239

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстан шекарасына жақын жерде Өзбекстан қорғаныс министрлігінің қоймасында жарылыс болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 05:01-де төтенше жағдайлар бөліміне Сырдария ауданындағы Мәлік ауылында жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Осыдан кейін оқиға салдарынан зардап шеккен 16 науқастың 12-сі Сырдария аудандық медицина бірлестігіне жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығына дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.

Зардап шеккен төрт адам Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының Сырдария филиалында стационарлық бақылауға алынды. Зардап шеккендер арасында ауыр жараланғандар мен ауыр халде жатқан науқастар жоқ екені атап өтілді.

Еске салайық, оқиға 22 қазан күні таңғы сағат 4:55-те Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің Малик кентіндегі қоймасында болған. Министрлік бұл қоймада не сақталғанын және жарылысқа не себеп болғанын нақтыламады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.