Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылды

313

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақтөбеде Нокин көшесінің бойында Елек өзенінің жағасынан екі мәйіт табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов оқиғаның 26 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:14-те орын алғанын айтты.

Айтуынша, Ақтөбе қаласы ІІД Орталық жедел басқармасының "102" пультіне шұғыл хабарлама келіп түскен. 

"Ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына облыс прокуроры мен жедел-тергеу тобы келді. Олар жеткен кезде көрсетілген мекенжайдағы бұталардың арасынан 1991 жылы туған К.А. мен 1995 жылы туған Т.С.-ның мәйіттері табылды. Олар зорлық-зомбылықпен өлтірілген. Екі адамның өлімін ескере отырып, қылмыстық іс бойынша процессуалдық прокурорлар тобы анықталды. Тергеуді облыс прокуроры бақылауға алды", – деді Өркен Ещанов.

Бұл іс Ақтөбе қаласы Алматы ауданының №3 қалалық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша тіркелген. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.