Қарызы үшін ер адамды ұрып, 15 қабырғасын сындырып кеткен
253
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Талдықорғанда 40 мың теңге қарызы үшін ер адамның 15 қабырғасын сындырып кеткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Бір күн бұрын 46 жастағы ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Дәрігерлер науқасқа 15 қабырғасының сынуы және басқа да жарақаттары бар деген диагноз қойды.
Полицейлердің айтуынша, жәбірленушіні 40 000 теңгеге жуық қарызы бар танысы қатты соққыға жыққан. Келесі кездесуде ер адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан.Күдікті қамауға алынды. Қыркүйектің 15-і күні Ақтауда жігіттерді қолдан жасалған сойыл мен жарғанақпен ұрған.
Қаз
Рус






