Алматыда мектеп оқушыларының көздері кварцтан күйіп қалды

213

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы облысы Іле ауданындағы №20 жалпы білім беретін мектептің оқушылары 3 сағат кварц қосылған сыныпта отырған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бір күнде 18 оқушы көз дәрігеріне жүгінген. Бұл жайт болғаннан кейін арнайы комиссия құрылды.

«Барлық ведомстволар дереу жұмылдырылды. Мәселен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, балалар омбудсмені, білім департаменті, балалардың ата-аналары. Комиссия құрылды, мен де оның құрамына кірдім. Көшпелі мониторинг жүргізіп, барлық мән-жайды зерделедік.Балалардың көзінің қасаң қабығы күйіп қалған», - дейді «Қоғамдық бақылау» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Саида Төлеуова.

Анықталғандай, кварц оқушылар мемлекеттік емтихан тапсырып жатқан кезде қосылып тұрған. Оны тіпті мұғалімдер де байқамапты. Бір күнде 11 сыныптың 18 оқушысы офтольмологқа жүгінген.

«Мектептегі жағдайды ең алдымен ата-ана айтып хабарласты. Сыныпта оқушылармен бірге үш мұғалім де отырған. Желдетілмеген сыныпта оқушылар мемекеттік емтиханды тапсырып бітпегенше сыртқа шыға алмаған. Яғни, тәртіп сондай.Бұл жағдай Алматы облысы Іле ауданындағы № 20 жалпы білім беретін мектепте мамыр айында болған. Осыдан кейін мектеп директоры мен оның орынбасары жұмыстан босатылды», - деді «Қоғамдық бақылау және мониторинг» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Саида Төлеуова.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.