Кәсіпкерлерге мемлекеттен грант алып беруге уәде еткен алаяқтар ұсталды

336

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматыда кәсіпкерлерге мемлекеттен грант алып беруге уәде еткен алаяқтар ұсталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Анықталғандай, күдіктілердің бірі 33 жастағы К. есімді азамат 5 миллион теңге көлемінде бейіндік бағдарлама бойынша мемлекеттен грант алуды ұсынған. Ал тағы бір қылмыстық іске қатысы бар 29 жастағы А. есімді азаматша шаһар тұрғындарына мемлекеттен грант алып беріп қана қоймай, жылжымайтын мүліктерді игеріп, жұмысқа орналастырып, жүргізуші куәлігін алып бере алатынын айтқан. Өзінің “жұмысы” үшін ол 5 миллион теңге сұраған. 


Тергеу барысында ақшаны алғаннан кейін қаскүнемдердің ұялы телефондарын өшіріп, байланысқа шығуын тоқтатқаны анықталды. Қазіргі уақытта К. есімді азаматтың алаяқтық бойынша 10 эпизодқа қатыстылығы, ал әйелге қатысты 25 алаяқтық дерегі дәлелденді. Күдіктілерге қатысты ауданаралық тергеу соты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, – деп хабарлады Әуезов аудандық Полиция басқармасы.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.