Қызылорда облысында 800-ге жуық жоңышқа шөбі өртке оранды

260

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 800-ге жуық жоңышқа шөбі жанып кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Жаңақорған ауданы №14 cөндіру бөлімінің байланыс бекетіне хабарлама түскен. Онда ауданға қарасты Билібай ауылындағы тұрғын үй маңында шөп өртеніп жатқаны айтылған.


Оқиға орнына кезекшіліктегі жеке құрам арнайы техникамен жетті. Онда ашық алаңға жиналған 800 тең жоңышқа және 3 тіркемеге тиелген жантақ шөбі өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің беті сағат 17.07-де қайтарылды. Оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.