Қызылордада тәулік ішінде ұрлық жасаған үш адам ұсталды

312

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордалық полицейлер кезекші тәулікте ұрлықпен айналысқан үш адамды құрықтады, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Кезекші тәулікте полицейлер 3 ұрлық дерегін ашты. Қалаға қарасты ауылда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құны 500 мың теңге тұратын жерді жыртуға арналған құралын ұрлаған күдіктілер анықталып, ұсталды. Ұсталғандар 39 және 41 жастағы облыс тұрғындары болып шықты.

Сондай-ақ сол күні полицейлер 18 жастағы күдіктіні жеке үйлердің бірінен ноутбук ұрлағаны үшін ұстады. Ал кешкі уақытта Қызылорда облысы ПД ЖБО бейнебақылау камерасы көмегімен көпқабатты үй подъезінен құны 100 мың теңге тұратын велосипед ұрлаған күдікті анықталды. Қаскүнем ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.     



Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.