Бұрынғы премьер-министрге оқ атылды

216

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханға оқ атылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Орталық Азияның жаңалықтар қызметінің дерегінше, оқиға өлкенің орталығы Исламабадтан 200 шақырым қашық Вазирабад қаласында болған. Хан партиядағы әріптестерімен сайлау алдындағы насихат науқанын өткізіп жатқан кезде, белгісіз адам автоматтан оқ атқан. Экс-премьерден басқа бірнеше адам жараланып, бір адам қаза болған.

Имран Ханның аяғына оқ тиіп, бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Елдің үкімет басшысы Шахбаз Шариф бұл шабуылды айыптап, оқиғаны тексеруге тапсырма берген.

Имран Ханға парламент сенімсіздік танытқаннан кейін сәуір айында отставкаға кеткен. Ол қазір ел оппозициясын басқарады. Соңғы күндері Хан мен оның жақтастары Исламабадқа баруға дайындалып жүрген. Онда бейбіт түрде наразылық акциясы болатынын жеткізген. Сот шешіміне сәйкес, Хан сайлауға қатысу құқығынан айырылған, бірақ оның жақтастары Жоғарғы сотқа шағымданған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.