Жәнібек Әлімханұлына жекпе-жекке шығуға тыйым салынды

416

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жәнібек Әлімханұлына жекпе-жекке шығуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) 13 қараша күні Лас-Вегаста британдық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) жекпе-жек өткізіп, чемпиондық атағын бірінші рет қорғады.

Жекпе-жек бірауыздан шыққан үкіммен Әлімханұлының жеңісімен аяқталды.

Жекпе-жектен кейін Невада штатының атлетикалық комиссиясы боксшыларға шектеу қойды.

Әлімханұлына 2022 жылдың 13 желтоқсанына дейін жекпе-жекке шығуға ресми түрде тыйым салынды, ал Бентли 28 желтоқсанға дейін рингке шыға алмайды. Бұл шара медициналық сипатқа ие және жауынгерлердің дұрыс қалпына келуіне қызмет етеді.

Бентлимен қарсыласу Жәнібек үшін ерікті сипатта болған бірінші титулды қорғау болды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.