Кравченко стенд атудан Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

280

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Prosports.kz.Стенд атудан Қазақстан командасының қоржыны тағы бір жолдамамен толықты. Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) стенд атудан Еуропа чемпионаты аяқталған соң, қосымша лицензияларды сарапқа салған болатын. Нәтижесінде, жолдама стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Зоя Кравченкоға берілді. 


Зоя Кравченко 1999 жылы 24 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Универсиада ойындарының және Үндістандағы әлем кубогі кезеңінің күміс медаль иегері. Сондай-ақ, кубоктік кезеңде командалық есеп бойынша чемпион атанған. 


Жыл басынан бері қазақстандық мергендер әлем кубогы кезеңдері мен Азия чемпионатына қатысып, 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар. 
Халықаралық федерация қосымша лицензияларды 2021 жылдың 7 маусымына дейін үлестіреді. Содан соң, Қазақстан спорттық ату федерациясы Олимпиада ойындарына қатысатын құрамды жариялайды. 


Айта кетелік, бұл мергендер еншісіндегі үшінші, ал жалпы есептегі 61-жолдама. Бұған дейін нысана көздеуден Юрий Юрков, стенд атудан Сәрсенкүл Рысбекова лицензия жеңіп алған болатын. 
 
 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.