Қазақстандық 10 боксшы Азия чемпионатында жүлдегер атанды

412

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық 10 спортшы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Айта кетсек, құрлықтық дода Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткізіледі.

Ерлер арасында Серік Абзал (67 келі), Ерхат Бекзат (92 келі) және Аманат Сабырғали (92 келіден жоғары), әйелдерде Әнел Сақыш (54 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Назерке Серік (63 келі), Ақнар Ищанова (66 келі), Жасмин Қизатова (70 келі), Дана Дидай (75 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) алғашқы жекпе-жегін жартылай финалда бастайды.

Олар қарсыластарына есе жіберген жағдайдың өзінде кем дегенде қола жүлдеге қол созады.

Еске салсақ, бұдан бұрын құрлықтық додада қазақстандық қыздардың қарсыластары анықталды.

Азия чемпионаты 27 қаңтарға дейін созылады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.