Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

441

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Отандасымыз Тимофей Скатов теннистен әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жария еткен жаңартылған рейтингте Александр Бублик 36-орнында қалды.

Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов Чилидегі челленджер жарысының финалына дейін жетуі нәтижесінде 144-тен 129-сатыға көтерілді.

Оған дейін оның үздік көрсеткіші 141-орын болатын. Сөйтіп ол ТОП-100-ге енуге жақындап келеді.

Бейбіт Жукаев 170-тен 168-ге ауысса, Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Дмитрий Попконың рейтингтегі жағдайы нашарлап кетті.

Жұптық сында Андрей Голубев 49-дан 48-ге жоғарыласа, Александр Недовесов 59-дан 65-ке сырғыды.

Ерлер арасында қазақстандық теннисшілердің орны мынадай:

36 (0). Александр Бублик – 109
129 (+15). Тимофей Скатов – 257
214 (-18). Михаил Кукушкин – 284
305 (+2). Бейбіт Жукаев – 168
335 (-30). Денис Евсеев – 145
324 (-32). Дмитрий Попко – 120
975 (-1). Григорий Ломакин – 12.

Ал, Елена Рыбакина Қазақстан тарихында алғаш рет 10-ракетка атанды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.