Головкин әлем чемпионы атағынан бас тартты

416

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF нұсқасы бойынша чемпион титулынан бас тартты деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлем чемпионы деген атақтан бас тартқан көрінеді. Бұл туралы бразилиялық журналист Кіші Уилсон Балдини жазды.   

"GGG IBFтитулынан бас тартты. Бұл қалай, Фалькао?"- деп жазады Уилсон әлеуметтік желілерде.


Кіші Уилсон Балдини өзінің твиттердегі парақшасында Головкиннің әлем чемпионы белбеуінен бас тартқанын жазған. Әрі осыған байланысты қазақстандық спортшының енді IBF бойынша орта салмақта әлем чемпионы деген атағы жоқ екеніне тоқталады.
Ал бұл белбеуге алдыңғы үштікте тұрған кәсіпқой боксшылар таласа алатыны да журналист жазбасында қамтылған.


Бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) IBF (Халықаралық бокс федерациясы) желісі бойынша Головкиннің титулына үміткер болған. Бұл ретте IBF-тен әлі ресми мәлімдемелер болған жоқ. Егер Головкин шынымен де титулды тастап кетсе, онда Фалькао басқа боксшымен бақ сынасуға тура келеді.

Десе де, Генаның әлем чемпионы белбеуінен бас тартқаны немесе айырылғаны туралы ресми мәлімет жоқ.
 




 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.