Қазақстандық төрешілер Әбу-Дабидегі турнирде қазылық етті

410

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстандық төрешілер алғаш рет Әбу-Дабидегі турнирде қазылық етті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Диера Әлжанова, Дамир Дүйсенбаев, Әлихан Еркінов және Эльвира Исламғалиева қапталдағы төреші ретінде іріктеу сайыстары ғана емес, сонымен қатар финалға да қатысты.

Осындай барлығы 44 төреші болса, соның 18-і финалға іріктеп алынды.

Bronze badge (қола белгі ақтан бір сатыға жоғары) иегері Меруерт Кәукеева іріктеу, ширек және жартылай финал матчтарында мінбеде қазылық етті.

Өткен жылы қарашада Юлия Игнатченко қазақстандықтар арасынан алғаш рет мінбедегі төреші ретінде күміс белгі иегері атанған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің түрлі жарыста қатарынан оныншы рет жеңіліс тапқанын жазған болатынбыз.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.