Қазақстандық жас теннисші Еуропадағы үздік 50 ойыншының қатарына ілікті
2 002
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Отандасымыз Ева Корышева Еуропадағы үздік 50 ойыншының қатарына кірді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Халықаралық теннис федерациясы (ITF) мен Еуропа теннис қауымдастығы (TE) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингіні жариялады.
Tennis Europe рейтингісінде 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ева Корышева 61-ден бірден 45-орынға көтерілді. Томирис Нұржан 118-інші, Еркежан Жаңатаева 199-сатыда тұр.
Ұлдар арасында астаналық Ярослав Пшеничный 73-орында болса, Роберт Каминский 149-дан 99-ға шығып, ТОП-100-ге енді. Михаил Мищенко 128-сатыда.
ITF жасөспірімдер рейтингісінде Сандуғаш Кенжебаева – 87, Асылжан Арыстанбекова – 128, Дана Байдәулет – 148, Айя Нұпбай 159-орында келеді. Бозбалалар арасында Ерасыл Ерділдә – 118, Максим Батютенко – 123, Виталий Зацепин – 200, Илья Маратұлы – 277, Әмір Омарханов 283-орында. Заңғар Нұрланұлы 933-тен бірден 844-ке жоғарылады.
Қаз
Рус






