Спорт жарыстарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшері бекітілмек

161

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Мәдениет және спорт министрінің бұйрық-жобасында жазылды.


Құжатта көрсетілгендей, жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында жеңіске жеткен және жүлде иеленген спортшыларға мына мөлшердегі сыйақы беріледі:

1-орын үшін – 250 000 доллар;

2-орын үшін – 150 000 доллар;

3-орын үшін – 75 000 доллар;

4-орын үшін – 30 000 доллар;

5-орын үшін – 10 000 доллар;

6-орын үшін – 5 000 доллар.


Осындай көлемдегі ақшалай көтермелеу спортшылардың жаттықтырушыларына да ұсынылады.


Ересектер арасында ғы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада спорт түрлерінен Әлем чемпион ы атанған және жүлде иеленген спортшылар алатын сыйақы:

1-орын үшін – 15 000 доллар;

2-орын үшін – 7 000 доллар;

3-орын үшін – 5 000 доллар.


Олимпиадалық спорт түрлері болып саналмайтын, бірақ кемiнде 20 елдің өкiлi қатысқан сайыстардың жеңімпазы мен жүлдегеріне берілетін сыйақы:

1-орын үшін – 2 300 доллар;

2-орын үшін – 1 800 доллар;

3-орын үшін – 1 100 доллар.


Жазғы, қысқы Азия ойындары, Азия Паралимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен және жүлде иеленген спортшылар алатын ақшалай жүлде:

1-орын үшін – 10 000 доллар;

2-орын үшін – 5 000 доллар;

3-орын үшін – 3 000 доллар.


Жазғы, қысқы Дүниежүзілік универсиад ада жеңімпаз атанған және жүлде алған спортшылар сыйақысы:

1-орын үшін – 15 000 доллар;

2-орын үшін – 10 000 доллар;

3-орын үшін – 5 000 доллар.


Жасөспірімдер арасындағы жазғы, қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы:

1-орын үшін – 10 000 доллар;

2-орын үшін – 5 000 доллар;

3-орын үшін – 3 000 доллар.


Олимпиада, Паралимпиада спорт түрлері нен Азия чемпионатында жеңіске жеткен және жүлде иеленген спортшылар алатын сыйақы:

1-орын үшін – 2 300 доллар;

2-орын үшін – 1 400 доллар;

3-орын үшін – 900 доллар.


Жастар арасында Олимпиада, Паралимпиада спорт түрлері нен Әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлде гер болған спортшыларға келесі көлемде сыйақы ұсынылады:

1-орын үшін – 3 500 доллар;

2-орын үшін – 2 300 доллар;

3-орын үшін – 1 100 доллар.


Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнатқан спортшыға – 5 000, ал оның жаттықтырушысына 3 000 доллар сыйақы берілмек.


Толық ақпаратты мына сілтемеден көруге болады.


Тиісті бұйрық 24 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.