Бибісара Асаубаева рейтингтегі ең жоғары шахматшыны жеңді

2 015

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем мен Қазақстан әйелдер құрамалары арасындағы алғашқы кездесуде шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Әзірге ойындағы есепте әлемнің жұлдызды командасы алда келеді, бірақ біздің Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңілгенін мойындауға мәжбүр етті. Бибісара ФИДЕ рейтингі ең жоғары әйел шахматшыны жеңді! Бұл - нағыз сенсация! Бибісара 2021 жылы блицтен шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы болды, соның арқасында ол Гиннестің рекордтар кітабына енді, ал 2022 жылы блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды! Бүгінде Бибісара бізді керемет жаңалықпен қуантуда, бұл шынымен де тамаша жеңіс!», - делінген хабарламада.


Еске салайық, Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өткен ФИДЕ Гран-при турнирінде екінші орын алған болатын.

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.