Жас құтқарушылар арасында жарыс өтті

1 345

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматыда жас құтқарушылар жарысының финалдық сайысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сайыс бірнеше кезең бойынша өтті. Жас құтқарушылар өрт техникасын жауынгерлік орналастыру, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету және оны тасымалдау, судан аспалы өткел арқылы өту сынды тапсырмаларды орындады.


«Жарыс өткізу тәжірибесі көрсеткендей, жарысқа қатысушылар төтенше жағдайларда (жер сілкінісі, өрт және т.б.) дұрыс әрекет ету, физикалық және психологиялық дайындық бойынша практикалық білім алады. Мұндай іс-шаралар қажет болған жағдайда халықты қорғауға, дұрыс дағдылар қалыптастыруға, азаматтық көзқарас тәрбиелеудегі ең тиімді элементтердің бірі», - деп атап өтті Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.


Командалық жарыс қорытындысы бойынша, № 157 мектеп бірінші орынды иеленді. Екінші орынды № 47 жалпы білім беретін мектеп оқушылары жеңіп алды, үшінші орын № 59 мектеп командасының қоржынына түсті. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға алғыс хат пен кубок табыс етілді. Енді қалалық жарыстардың жеңімпаздары осы жылдың маусым-шілде айында Көкшетау қаласында өтетін республикалық жарыста бағын сынайтын болады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.