Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубына алмасты

1 306

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойын көрсетеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл жөнінде ол «Mundo Deportivo» сайтына берген сұхбатында ресми түрде мәлімдеді.


Арнайы мәлімдемесінде «Барселона» және «Пари Сен-Жермен» клубтарының бұрынғы ойыншысы жаңа командаға ауысқанын растады.


«Мен «Барселона» командасына оралмаймын, мен «Интер Майами» командасы қатарына қосыламын. Енді реттейтін бірнеше жұмыс бар. Бұл сауал 100 пайыз толықтай шешілді деп санаймын», - деді ол.


Еске салсақ, жақында Месси Францияның «Пари Сен-Жермен» клубынан кеткенін мәлімдеген болатын. Аргентина құрамасының 35-жастағы шабуылшысы аталған клубтан еркін агент ретінде кетті. Командада 2021 жылғы жаздан бері ойын көрсетті.


Месси «Интер Майами» клубынан бұрын «Бсрселона» мен Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командаларының ұсынысын қабылдаған жоқ. Сауд Арабиясының клубы оған екі жылға 1,2 миллиард еуро еңбекақы ұсынған болатын.


Өткен маусымда аргентиналық шабуылшы «Пари Сен-Жермен» сапында 41 ойында 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.