Еркебұлан Иманғали ММА бойынша әлем чемпионы атанды

1 400

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Абу-Дабиде жаcөспірімдер арасындағы ММА-дан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы жеңіске жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жарысқа 46 елден 653 спортшы қатысып жатыр.


Қазақстан намысын 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер құрамасының 35 мүшесі қорғайды.


Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша 40 келіге дейінгі салмақта Маңғыстау облысының өкілі Еркебұлан Иманғали әлем чемпионы атанды. Ол финалда ливандық спортшы Омар Антармен кездесті. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді.


Тағы бір жүлдегер – Түркістан облысының спортшысы Орынбасар Пердебек 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды. Қазақстандық спортшы Украина мен Болгария өкілдерін жеңді. Жартылай финалдық кездесуде әлем чемпионы атанған Польша өкілі Ксавер Мосингтен төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.