Теннисші Аружан Сағандықова WTA рейтингісінде 98 орынға табан тіреді

1 311

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова WTA жаңартылған рейтингісіндегі орнын айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.


18 жастағы қазақстандық теннисші рейтингтегі 1056-шы орыннан 958-ші орынға көтерілді. Сондай-ақ, әйелдер арасындағы жекелей рейтингте Жібек Құламбаева 438-ші орыннан 436-шы орынға көтерілді.


Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі төртінші орнын сақтап қалды.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 18 позиция жоғалтып, 61-ші орыннан 79-ға түсті.

Гозаль Айнитдинова бір (543-тен 544-ке), Анна Данилина екі (863-тен 865-ке) қатар төмен түсті.

Қазіргі уақытта WTA турында қазақстандық алты теннисші жекелей сында өнер көрсетуде.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.