Каратэден әлем чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай тарихи алтынға қол жеткізді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстан каратэшілері тарихта алғаш рет ел қоржынына алтын медаль салды.
Оны 50 келіге дейін салмақта Мөлдір Жаңбырбай иеленді.
60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай екінші болса, Дидар Әмірәлі (67 кг дейін) әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.
Қаз
Рус






