Қазақстандық шахматшы қыз әлем чемпионын жеңді

2 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Grand Swiss 2023 турнирінде қытайлық Тан Чжунгиді жеңді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Осы жеңісінің арқасында Асаубаева 4,5/5 ұпай жинап, жарыста көш бастады. Айта кетейік, Чжунги - әйелдер арасындағы 16-шы әлем чемпионы.


"Мен турнир кестесіне назар аудармауға тырысамын, өз стилімде ойнаймын. Қалай ойнайтынымды білемін. Бірақ бүгінгі ойын қызық болды. Мен оның бірнеше жүрісінен кейін жағдайым нашар деп ойладым. Дегенмен қандай шешім қабылдау керек екенін түсінбедім. Жай ғана ойнай бердім. Уақыт аяқталуға жақындағанда ғана керемет шешімдер қабылдап, нәтижелі жүрістер жасадым", - деді Асаубаева ойыннан кейін.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.