Головкин әлем чемпионымен жекпе-жекке шығудан бас тартты

194

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

The Athletic инсайдері Лэнс Пагмайрдың мәліметінше, орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин бұл кездесуге қызығушылық танытып отырған жоқ.  "Маған Генадий Головкиннің 31 желтоқсан күні Жапонияда Риото Муратамен өтеді деп жоспарланған кездесуіне дейін Деметриус Андрадемен шаршы алаңға шықпайтыны туралы хабар келді" деді The Athletic инсайдері Twіtter әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Бұған дейін дәл осы ақпарат көзі Геннадий Головкиннің қыркүйекте Сауль Альвареспен үшінші рет кездесуге келісім бергенін мәлімдеген болатын. Бірақ бұл ұсыныстың қаншалықты нақты екені белгісіз. Еске сала кетейік, осыған дейін BoxRec басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингін жариялап еді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.