Жиырмасыншы нокаут: Боксшы Артур Бетербиев британиялық Каллум Смитті жеңді

2 504

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Zac Goodwin/PA Images via Getty ImagesРесейлік боксшы Артур Бетербиев британиялық спортшы Каллум Смитті жеңіп, орта ауыр салмақ дәрежесіндегі үш чемпиондық белбеуді қорғады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесу Монреаль қаласында өткен бокс кешіндегі кардтың басты оқиғасы болды. Алғашқы минуттардан бастап екі қарсылас та белсенді әрекет ете бастады. Бірақ Бетербиевтің басымдығы айқын байқалды. 


Канада туымен рингке шыққан ресейлік сәтті соққылар жасап, жетінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Кейін британиялық боксшының командасы жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.


Артур орта ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC, WBO және IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін қорғап шықты. 38 жасар боксшы кәсіби мансабындағы барлық 20 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.