Қазақстандық боксшылар Мажарстанда өткен турнирде 5 алтын еншіледі

2 513

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дерек көзіҚазақстандық боксшылар Дебреценде (Мажарстан) Иштван Бочкаиды еске алуға арналған халықаралық турнирде бес алтын алды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Барлығы 9 қазақстандық спортшы финалға шықса, соның бесеуі чемпион атанды.

Атап айтқанда, Асхат Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта украиналық Андрей Тишковечті басым дауыспен жеңді.

Сондай-ақ Асылжан Серікбай (57 кг) мажарстандық Роланд Верешті, Бибарыс Жексен (60 кг) тағы бір шаршы алаң иесі Крузито Ковачты, Ертуған Зейнуллинов (63,5) Ричард Ковачты басым дауыспен ұтты. Ерасыл Жакпековтің (80 кг) қарсыласы, мажарстандық Пал Ковач рингке шықпағандықтан, жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.


Даниял Сәбит (51 кг) мажарстандық Аттила Бернатқа басым дауыспен есе жіберді. Тағы бір мажарстандық Габор Вирбан (54 кг) Кенже Мұратұлын төрешілердің бірауыздан шешімімен қапы қалдырды.


Сабыржан Аққалықов (71 кг) украиналық Юрий Захареевке басым дауыспен жол берді. Темірлан Мұқатаев та (86 кг) украиналық Данил Жасаннан жеңіліп қалды – 0:5.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.