Қазақстандық жас семсершілер әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

2 555

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіСемсерлесуден Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Швейцарияда өтіп жатқан байрақты бәсекеде Богдан Лукин, Алексей Касаткин, Кирилл Проходов бастаған семсершілеріміз әлем чемпионатының финалына шығып, күмісті місе тұтты.

Отандастарымыз жартылай финалда америкалықтардан басым түскенімен, алтын жүлде үшін сында Венгрия құрамасына есе жіберді. 

Айта кетейік, Богдан Лукин мен Алексей Касаткин бір ай бұрын Бахрейнде өткен Әлем кубогінде де күміс медаль иеленген еді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.