Қазақстандық клубқа жаңа келген африкалық футболшы қашып кетті

2 533

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©instagram.com/steve_trawally29Семейлік "Елімай" футбол клубына жаңа келген гамбиялық легионер Бубакар Травалли команда сапына қосылмай жатып қашып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Серый CARDINAL" Telegram-арнасына сілтеме жасап.


"Гамбия құрамасының футболшысы Бубакар Травалли "Елімайға" келіп, бапкерлердің қарауынан өтуі керек болған. Алайда, ол түнде қонақ үйде бүкіл затын тастап, өзі қашып кеткен. Оның қайда кеткені және не себепті кеткені әзірге белгісіз", - делінген аталған хабарламада.


Айта кету керек, шетелдік ойыншылардың қазақстандық клубтардан қашып кету жағдайы бұған дейін де болған. Мәселен, 2016 жылы "Челсидің" екі шәкірті "Ақтөбе" клубымен оқу-жаттығу жиынында жүріп қашып кетсе, одан алты жыл алдын испандық Хуан Безарес те дәл осы клубтан ешкімге айтпай кетіп қалған.





OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.