Боксшы қыз қарсыласын нокаутпен жеңді

2 524

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/angelina_lukas1997Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас (6-1-0, 3 КО) Таиландта кезекті жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 



Ол кезекті жеңісінен кейін «Бүгін мен кәсіби мансабымда жетінші жеңіске жеттім және өте қуаныштымын, осы жеңісімді сүйікті еліме арнағым келеді!», - деп жазба қалдырды.


Ангелина Лукас таиландтық Кадесара Джадпакдимен жұдырықтасып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Негізі жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Алайда рефери төртінші раундта жарысты тоқтатты. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқойдағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.


Ал оның қарсыласы қазірге дейін кәсіпқой бокстың шаршы алаңында жеті рет жеңіске жеткен. Үш рет жеңілген. Осы жолы төртінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.