Екі қазақ боксшы бір-бірімен жұдырықтасады

2 595

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Аян ТөлегенИталияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Сәкен Бибосыновтың келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Енді Бибосынов 10 наурыз күні өзінің отандасы, қазақ боксшысы Азат Махметовпен жұдырықтасады.


Махметов қазіргі таңда Бахрейн елінің атынан сынға түсіп жүр. Ол бұрын елде болғанда Қазақстанның 2 дүркін чемпионы атанған тәжірибелі боксшылардың бірі.


Айта кетейік, кеше Сәкен Бибосынов лицензиялық турнирдегі екінші жекпе-жегін өткізіп, Кения спортшысы Дэвид Каранча Мачарианы төрешілердің шешімімен жеңді.


Париж олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир 3 наурызда басталған болатын.


Жарыс 12 наурыз күні мәресіне жетеді. Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып жатыр. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласуда.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.