Александр Бублик әлемдік рейтингте рекорд орнатты

2 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚТФКәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған рейтингіде Қазақстанның 1-ракеткасы Александр Бублик рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық теннисші 18-ден 17-орынға көтерілді. Бұл – оның рейтингідегі ең үздік көрсеткіші.


Александр Шевченко 59-дан 60-қа, Михаил Кукушкин 129-дан 134-ке сырғыды.


Бейбіт Жұқаев 182-ден 174-ке жоғарылады. Бұл да оның жеке рекорды ретінде тіркелді. 

Сондай-ақ Денис Евсеев 184-тен 177-ге, Дмитрий Попко 234-тен 223-ке, Тимофей Скатов 271-ден бірден 247-ге шықты.


Үздік үштікте бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, италиялық Янник Синнер, испаниялық Карлос Алькарас тұр.


Жұптық сында Испания өкілі Марсель Гранольерс пен аргентиналық Орасио Себальос бірінші орынды өзара бөліссе, аустралиялық Мэттью Эбден үшінші сатыда.


Қазақстандықтардан Александр Недовесов 42-орында қалса, Андрей Голубев 88-ден 93-ке төмендеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.