Боксшы Серік Теміржанов америкалықтан таза ұтылып, жарысты аяқтады

391

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Токио Олимпиадасында бокстан Қазақстан командасының үшінші өкілі жеңіліс тапты. Бұл жолы павлодарлық Серік Теміржанов келесі кезеңге өте алмады.

Бокстан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Серік Теміржанов жұдырықтасқан болатын. Олимпиаданың бірінші айналымында венгр боксшысын сенімді жеңген Теміржанов 1/8 финалда америкалық Дюк Реганмен кездесті. 


Алайда, тәжірибелі америкалық боксшы Серікті оңай ұтты. Кездесу барысында бес төреші де жеңісті Реганға берген.


 Осылайша, Дюк Реган қазақстандық спортшыларда кеткен есесін қайтарды. Ол 2017 жылы Германияда өткен бокстан әлем чемпионатының финалында қазақстандық Қайрат Ерәлиевтен ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын. 


Токио Олимпиадасында үш қазақстандық боксшы жарысты аяқтады. Олар - Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Василий Левит (91 келі). 
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.