Шайбалы хоккейден ӘЧ: 1/2 финалда ойнайтын құрамалар анықталды

2 524

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: championat.comШайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында жартылай финалда кездесетін жұптар анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


23 мамырда ширек финалда Чехия АҚШ-ты 1:0, Швеция Финляндияны 2:1 есебімен жеңді.

Ал одан бұрын Канада Словакияны 6:3, Швейцария Германияны 3:1 есебімен қапы қалдырды.

Енді 25 мамырда жартылай финалда Швеция мен Чехия, Канада мен Швейцария құрамалары ойнайды.


Финал мен 3-орын үшін сайыс 26 мамыр күні өтеді.

Қазақстандық хоккейшілер топтық кезеңде Франция мен Польшаны 3:1 есебімен жеңсе, Словакияға 2:6, Латвияға 0:2, Швецияға 1:3, Германияға 2:8, АҚШ-қа 1:10 есебімен есе жіберді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.