Сабина Алтынбекова жолдасына ерекше жазба арнады

382

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова желіде жолдасын туған күнімен құттықтап, оған өз ақ тілегін жолдады. Спортшы ару күйеуіне деген сезімін аса әсерлі жазба арқылы жеткізді.

Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында жолдасын жаңа жасымен құттықтап, оған аса әсерлі жазба арнады. Спортшы отағасына деген шексіз махаббатын білдіріп, оның бойындағы қандай қасиеттерді құрметтейтінін айтты. 


"Әлемдегі ең үздік күйеуді туған күнімен құттықтаймын. Саяттың бойында нағыз ер азаматтарға сай қасиеттер өте көп. Ол керемет перзент, үлгі тұтарлық аға, адал жар және сенімді дос. Қамқорлығыңыз, махаббаттыңыз, жауапкершілігіңіз, сыйластығыңыз үшін рахмет. Сіздің барыңызға шүкір. Сізді әрдайым аман-есен әрі бақытты күйде көргім келеді. Алда бізді жақсылыққа толы өмір күтіп тұр. Жолыңыз әрдайым ашық, ниетіңіз түзі болсын. Ал мен әрдайым қасыңызда боламын. Өз махаббатым мен қолдауымды барынша беруге тырысамын", - деп жазды Алтынбекова. 


Желі қолданушылары волейболшы арудың құттықтауына қосылып, туған күн иесіне өз тілектерін жолдады. 
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.