“Барыс“ хоккей клубы легионерлерсіз алғашқы жеңісіне қол жеткізді

2 265

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram/ barys_official"Барыс" хоккей клубы бас бапкерін ауыстырып, құрамын легионерлерден тазартқаннан кейін алғашқы жеңісіне жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Минск қаласында кезекті кездесуін өткізген қазақстандық хоккей клубы алғашқы кезеңді жеңіліспен бастады. Алайда матч соңына дейін екі шайба соғып, керемет камбэк жасап, жеңіске жетті. 

Екі маусым қатарынан сәтсіз өнер көрсеткен "Барыс" хоккей клубының бас директоры жақында отставкаға кеткен болатын.

Борис Иванищевтің орнына клубты бұрын басқарған Нұрлан Оразбаев келді. "Барыстың" бас бапкері де ауысып, бас бапкер қызметіне келген Ғалым Мәмбетәлиев командадағы бірнеше легионермен қош айтысып, бүгінгі ойынға жергілікті ойыншыларды қатыстырды.

Елордалық команда 23 қазанда "Сібірге" қарсы ойнайтын болады. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.