Азия чемпионаты: Бүгін төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады

2 670

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҰОКЧиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасының төрт боксшысы шаршы алаңға шығады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Құрлықтық турнирдің іріктеу кезеңдері аяқталып, енді ширек финалдық бәсекелер басталды. 4 желтоқсанда ұлттық құрамадан төрт боксшы шаршы алаңға шығады:

–48 келі: Әйгерім Сәттібаева – Офелия Магно (Филиппин)

–54 келі: Сымбат Әлиасқар – Вэньцань Сюй (Қытай)

–67 келі: Дулат Бекбауов – Ариф Айман Мұхаммед (Малайзия)

–71 келі: Абылайхан Жүсіпов – Байрамдурды Нұрмұхамедов (Түрікменстан)

Айта кетейік, 75 келі салмақта Диас Молжігітов жартылай финалға шығу үшін жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда оның қарсыласы турнирден шығып қалуына байланысты Диас тікелей 1/2 финалға өтіп, Азия чемпионатының медалін иеленді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.