Елена Рыбакина United Cup турнирін жеңіспен бастады

2 673

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Olympic.kzҚазақстандық теннисші Елена Рыбакина Сидней мен Пертте (Австралия) өтіп жатқан аралас командалар арасындағы United Cup турнирін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, Қазақстанның бірінші ракеткасы испандық теннисші Джессика Бузас Манейромен (54-орын) кездесті. Нәтижесінде Рыбакина екі сетте (6:2, 6:3) сенімді түрде жеңіске жетіп, Қазақстан мен Испания арасындағы матчта есепті теңестірді (1:1).


Бұған дейін Александр Шевченко Пабло Каррено-Бустеге екі сетте (2:6, 1:6) есе жіберген еді, – делінген ақпаратта.

2025 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасатын турнирде қазақстандықтар «С» тобына түсіп, Испания және Греция құрамаларымен бақ сынайды. Ұлттық құрама сапында Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және команданың капитаны Александр Недовесов өнер көрсетеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.