Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

2 028

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: olympic.kzҚазақстандық, әлемнің 175-ракеткасы Дмитрий Попко Морелос (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 497-орында тұрған германиялық Макс Вискандтпен кездесті.

Германиялық спортшы әлемдік рейтингіде әлдеқайда төмен тұрғанына қарамастан, матч өте тартысты өрбіді.

Бірінші партияда Попко 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде Вискандт тай-брейкте есе қайырды — 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші сетте тай-брейкте Дмитрий таразы басын өзіне аудара білді — 7:6 (7:5).

Екі сағат 51 минутқа созылған бәсеке барысында Попко 10 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаға асырды. Вискандт 6 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Дмитрий Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 155-ракеткасы, аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен таласады. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.