Олимпиадаға қатысқан каратэші Мөлдір Жаңбырбай өзінің командаласына тұрмысқа шықты

882

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған Мөлдір Жаңбырбай тұрмысқа шықты. Қызылордалық қыз өзінің командаласы Дидар Әмірәлімен шаңырақ құрған. 

Мөлдір Жаңбырбай каратэден Қазақстан командасының мүшесі. Ол 50 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасында сынға түсіп, қолаға қол созым жерден тоқтаған болатын. Жарысты сәтті бастаған спортшы кейінгі қарсыластарын жеңіп тұрып, соңғы секундтарда ұпай беріп қойды.

Елге оралған соң Мөлдір өзінің Қызылордадағы үйінен ұзатылды. Оның таңдауы командаласы, каратэші Дидар Әмірәліге түскен. Дидар каратэден 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарының қола жүлдегері. Екі спортшы да каратэден ірі әлемдік турнирлерде ел қоржынына жүлде салған.

Қызылорда қаласында өткен Мөлдір Жаңбырбай ұзату тойына спортшының командалас достары жиналған. Олардың қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева, команда мүшесі Александра Будкина бар.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.