«Бел будым...»: Елдос Сметов спорттағы мансабы жайлы маңызды мәлімдеме жасады

2 319

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: желіден алындыҚазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу туралы нақты шешім қабылдағанын мәлімдеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Сметов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алып, жанкүйерлерін қуантқан болатын. Финалда ол жарыс иесі, Франция өкілімен кездесіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.

«Бұл – ерекше сәт болды. Залда отырғандардың бәрі франциялық балуанды қолдады. Бірақ мен өзімді тамаша сезіндім. Ондай атмосферада белдесу – мәртебе. Менің жеңілуге хақым жоқ екенін сезіндім», – деді Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясына берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ Париждегі шешуші жекпе-жекке Франция президенті Эммануэль Макронның тікелей қатысып, трибунадан тамашалағанын, ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде бақылағандықтан ұтылуға еш хақысы болмағанын айтты.

Олимпиададан кейін біраз үзіліс алған спортшы енді толық дайын екенін жеткізді.

«Олимпиададан кейін аздап тынығып алдым. Енді келесі Олимпиадаға қатысу туралы шешімді қабылдадым», – деді Елдос Сметов.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.