"Маған сенгендерге арнаймын": Бибосынов алғашқы жекпе-жегі жайлы

2 334

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ben McShane / Sportsfile via Getty ImagesСәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, өзін қолдаған барша жанға алғысын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Ассалаумағалейкум, ағайын! Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегімді сәтті бастадым. Аллаға сансыз шүкір, бүгінгі кеш – менің алғашқы жеңісіммен аяқталды.
Бұл – тек менің емес, мені әр сәтте қолдаған, дайындаған бапкерлерімнің, туған ағамның, командамның ортақ жеңісі!
Осы жолда біргеміз, бірге тер төктік, бірге намысымызды қорғадық. Бүгін рингте жеңіске жету – тек бір күннің емес, айлар бойы төгілген тердің, ауыр жаттығулардың жемісі.
Мен жалғыз бокстасқан жоқпын. Менің жанымда сенім, тілек, дұға тұрды.
Аллаға сансыз шүкір! Жеңіс жалғасын тапсын, бұл – тек бастамасы! Алланың қалауымен, бұдан да биік белестерге бірге жетеміз! Жолымда қолдау білдірген әр жанға – алғысым шексіз!
Бұл жеңіс – маған сенгендердің бәріне арналады", - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.